$485.11 €523.82 ₽5.02
×

Атырауда көлігіне 80 келі бекіре тұқымдас балық тиеген азаматша ұсталды

AstanaTV
31.10.2014ж. 20:00
984
Атырауда көлігіне 80 келі бекіре тұқымдас балық тиеген азаматша ұсталды

Атырауда  тапа-тал түсте  көлігіне 80 келі бекіре тұқымдас балық тиеген 31 жасар азаматша ұсталды. Ол бағалы балықты қала маңындағы Дамба ауылы тұрғынынан әр келісін 700 теңгеден сатып алғанын айтып ақталған.

- Салонның ішінен табылған балықтар иесі сіз ғой? - Иә, иә. - Балықтарды қайдан алдыңыз? - Дамбадан.

Бағалы балықты тиеген «Матиз» автокөлігі иесінің үстінен Қылмыстық кодекстің 290-бабы, яғни «құрып кету қаупі төнген жануарларға қастық жасау» дерегі бойынша іс қозғалмақ. Кінәсі дәлелденген жағдайда, күдікті 3 жылға дейін шартты түрде бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Бұл - «Бекіре» шарасының соңғы күнінің нәтижесі. Жалпы іс-шара басталған 10 қыркүйектен бері заңсыз айналымнан 6 тонна балық тәркіленіпті.

Гүлнәзира  Мұхтарова,  Атырау облыстық ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі:

Заңсыз айналымнан 6 тоннадан астам балық тәркіленді. Оның 1 тоннаға жуығы бекіре тұқымдас балықтар. Сонымен қатар 4 келі қара уылдырық, 400-ге жуық ау-тор жарақтары, 2 жүзгіш құралы да тәркіленді.

Базаркүл ІЗІМОВА