$485.11 €523.82 ₽5.02
×

Мүмкіндігі шектеулі қыздар арасында сұлулық байқауы өтті

AstanaTV
31.10.2014ж. 20:00
1459
Мүмкіндігі шектеулі қыздар арасында сұлулық байқауы өтті

Орал қаласында мүмкіндігі шектеулі қыздар арасында сұлулық байқауы өтті. Алғаш рет ұйымдастырылған шарада тоғыз үміткер бағын сынады. Барлығы да мүгедек болғанымен, ерік-жігерінің ешкімнен кем емес екенін дәлелдеп шықты. Дені сау адамдарға үлгі бола алатын өжет қыздар туралы келесі бейнематериалда.

Күн-түні дайындалып, көйлегімізді дайындап, таныстыруымызды шығарып, дайындығымыз жақсы.

Сұлулық сайысында бағын сынауға бекінген бойжеткендер аздап қобалжулы. Дегенмен, өмірдің өзі өжеттікке баулыған олар мұндай сынға мойымақ емес. Тағдыры да, арманы да бір-біріне ұқсас қыздар мүмкіндігі шектеулі екендігіне қарамастан, дені сау көрермендер мен қазылар алқасын тәнті қылды.

Бала кезінен арбаға таңылған Айымгүл үстіндегі қалыңдықтың той көйлегін бар болғаны 20 минуттың ішінде өзі пішіп, өзі тігіп шыққан. Арманшыл алғыр қыздың бойында бірнеше өнері бар. Ол байқау талаптарына сай, өзі әзірлеген тағамдарды ұсынып, қазылар алқасына тоқылған гобелендерін көрсетті.

Айымгүл Иманғалиева, сайысқа қатысушы:

Барлығын да өзімнің қолыммен дайындадым. Көйлектерімді тігу-тоқу, тамақ дайындау. Бірақ өнерін көрсету сайысында дайындық уақытым аз болды да, дайындала алмадым. Келесіде байқауларда өз өнерімді көрсетемін деп ойлаймын өлең айтып.

Бүгінде Батыс Қазақстан облысында тіркелген 21 мың мүгедектің 1 мың 200-і қоғамдық жұмыстарға белсене ат салысады. Мылтық ату, волейбол секілді спорттық жарыстармен шектелуді жөн көрмеген ұйымдастырушылар бұл жолы сұлулық сынын өткізген.

Айгүл Төкешева, қазылар алқасының мүшесі:

Қазір енді мүгедектермен жұмыс жасау өте оңай. Өздерінің орталығы ашылғаннан бері, осында өздері тартылып, үйде отырмай, қоғам бар деп осында келіп, бірге араласып жұмыс жасайды, осында. Қазіргі мүгедектер өздерін өздері көрсете алады. Керемет өлең айта алады, керемет билейді. Өздерін қоғамның бір мүшесі ретінде сезіне бастады.

Өнерлінің өрге жүзетінін дәлелдеген кейіпкеріміз Гүлсағира бүгін 1-орынды иеленді. Дегенмен қатысушылардың барлығы да жүлдесіз қалмады. Ал ұйымдастырушылар өмірді өзінше сүйетін мұндай байқауларды енді дәстүрге айналдырмақ.

Еркін КАРИН