$485.11 €523.82 ₽5.02
×

Жексенбі күні Украинада өткен сайлауларды әлемнің бірнеше елі мойындамайтынын айтуда

AstanaTV
03.11.2014ж. 10:00
924
Жексенбі күні Украинада өткен сайлауларды әлемнің бірнеше елі мойындамайтынын айтуда

Жексенбі күні «Луганск» пен «Донецк» халықтық республикаларында сайлау өтті. Мұнда Игорь Плотницкий мен Александр Захарченко жеңіске жетті. Захарченко тіпті, «Донецк Халықтық республикасы» Киевпен диалог орнатуға дайын екенін жеткізді. Бірақ, Украина тұрмақ, АҚШ, Еуропалық одақ та бұл сайлауларды заңды деп танымай тастады.

Украина көшбасшысы Петр Порошенко өткен сайлауды «күштеп өткізілген ерсі әзіл» деп атады. Ал, Ресейдің позициясы бөлек. Елдің сыртқы істер министрлігі ресми Мәскеу шығыс Украина аумағының тұрғындары жасаған таңдауды құрметтейтінін, Украинада қалыптасқан ахуалды қалпына келтіру үшін септесетінін жеткізді.

Еске салайық, 2 қараша күні Донецк пен Луганск халықтық республикаларында көшбасшы мен депутат сайлаулары өтті.

Ләйлә ҚАЗИЯҚПАРОВА