$485.11 €523.82 ₽5.02
×

Несиелерін қайтара алмай жатқан шаруаларға «ҚазАгро» көмек қолын созуға әзір

AstanaTV
03.11.2014ж. 13:00
1057
Несиелерін қайтара алмай жатқан шаруаларға «ҚазАгро» көмек қолын созуға әзір

Орақ науқанының кешігуіне орай, алған несиелерін қайтара алмай жатқан шаруаларға «ҚазАгро» көмек қолын созуға әзір. Атап айтқанда, компания қарызды қайтару мерзімін ұзартуға жағдай жасауы мүмкін. Бірақ, бүгінге дейін бірде-бір шаруадан өтініш түспеген. Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте холдинг басшылығы осыны мәлімдеді.

Дәурен Махажанов, «ҚазАгро» АҚ басқарма төрағасының орынбасары:

Несиені қайтару мерзімін ұзарту мәселесін түскен өтініштерге байланысты қарастырамыз. Биыл берілген несиені қайтаруда қиындықтар туындап жатыр деген мағынада жаппай өтініш түскен жоқ. Егер ондай болған жағдайға бұл мәселені қарастыруға дайынбыз.

Ауа-райының қолайсыздығынан немесе астық сапасының төмендігінен берешегінен уақытылы құтыла алмай жатқан шаруа өз жағдайын құжатпен растауы керек. Содан соң қарызды қайтару мерзімін қаншаға ұзарту қажеттігін және ақшаны қайдан алатынын көрсетіп өтініш жазуы тиіс.

Мөлдір ДҮЙСЕКИНА