Спорт Қазақстан
$443.35 €475.54 ₽4.82
×

Әзірбайжан Қазақстанға жанармай экспорттамаса, «ҚМГ Өнімдері» алдын ала төлемді қайтарады

AstanaTV
03.11.2014ж. 13:00
1162
Әзірбайжан Қазақстанға жанармай экспорттамаса, «ҚМГ Өнімдері» алдын ала төлемді қайтарады

Әзірбайжан Қазақстанға жанармай экспорттау туралы келісімді орындамаған жағдайда «ҚазМұнайГаз Өнімдері» алдын ала жасалған төлемді қайтарып, келісім-шартты жояды.

Еске салайық, өткен айда ұлттық компания Бакуден 6 мың тонна АИ-92 маркалы бензин жеткізу туралы келісім жасасқан-ды. Алайда бүгін таратылған ақпаратқа сай, Әзірбайжан үкіметі жоғары октанды жанармай экспортына уақытша шектеу енгізген. Осыған байланысты аталған мемлекет Қазақстанға бензин жеткізуге әзір екенін растамай отыр.

Қазір Ресей мен Беларусь еліндегі мұнай өңдеу зауыттарынан 37 мың тоннадай 92 маркалы жанармайдың бір бөлігі елімізге жеткен. Қалғаны әлі жолда келе жатыр. Сондай-ақ, «ҚазМұнайГаз Өнімдері» компаниясы Беларусьтың Мозырь, Новопол зауыттары мен Ресейдің бірқатар зауыттарынан 50 мың тоннадан астам жанармай импорттау келісіміне қол жеткізуді жоспарлап отыр.

Азамат АЛДОҢҒАРОВ