Спорт Қазақстан
$445.66 €474.58 ₽4.78
×

Ян Гейл: Алматы, адамдар үшін болуы керек!

AstanaTV
16.01.2016ж. 20:00
1763
Ян Гейл: Алматы, адамдар үшін болуы керек!

Алматыға дүние жүзіне белгілі дат архитекторы Ян Гейл келіп әкімге, басқа да шенеуніктерге, болашақ құрылысшы-архитектор студенттерге 6 лекция оқыған. «Vласть» порталының материалына сүйенсек, архитектор жұрттың ілтипатына бөленген «Қала, адамдар үшін» еңбегінің концепциясын таратқан.

Ол Алматының жасыл-желекке бөленген келбетіне, көшелерінің кеңдігіне сүйсінетінін айта келіп, қалада көліктің тым көптігін нөмірі бірінші проблема деп атаған. Әрбір мың тұрғынға шаққанда көлік саны Копенгагендегіден 3 есе көп. Ол сондай-ақ, «менің байқағаным сіздердің студенттер бай екен» депті, ирониямен, Қазақ-британ техникалық университетінің паркингінің суретін көрсетіп тұрып. Ян Гейл «біздің менталитет басқа, біздің адамдар автомобильді жақсы көреді» деген болмайтын әңгімені қойып, велосипедшілер жүйткитін жолақтар мен адамдар жүретін тротуарларды да күретамыр етуді айтқан. «Алматы адам үшін» дейтін принципті жүзеге асыру үшін  үшін көліктерді азайту керектігін шегелеген. Алматының транспорттық жүйесі 20-ғасырдың ортасында қалып қойған- деген ... 

Осы тұста бір деталь – Алматыда жұмыс істеген Алисия Харт есімді америкалық оқытушы отандастарына Алматы таксишілері туралы мағлұмат беріп, бейненұсқау жазған. Қызық. Таксистердің «айлығың қанша, күйеуің бар ма» деп сұрайтынына «таң-тамаша» болғанын жасырмайды. Әсіресе кіріс туралы сұрау көргенсіздік саналады, негізі...

Жә, мен мына тұсын назарларыңызға ұсынамын.

Бейнеқыстырма  ///АҚШ азаматы алматыда қалай такси ұстайтынын баяндайды///