$498.34 €519.72 ₽4.85
×

Қарағанды облысындағы шахтада апат болып, 1 адам қаза болды

AstanaTV
04.11.2014ж. 13:00
1457
Қарағанды облысындағы шахтада апат болып, 1 адам қаза болды

Қарағанды облысында төтенше жағдай. Сәтпаев шахтасында жарылыс болып, салдарынан бір кенші көз жұмды. Екінші шахтер жеңіл жарақаттармен аман қалған.

Апат Оңтүстік Жезқазған кенішінің 65-нші шахтасында таңғы сағат 4 жарымда болған. Дәл осы кезде шахтаны тесіп көмір қазуға дайындау үшін екі кенші 140 метр тереңдікке жер астына түскен. Құтқарушылардың айтуынша, шахтаны тесетін жарылғыш құрылғы кенеттен іске қосылған. Себебі, аталған кен орнында метан газы жоқ, дейді мамандар. Қазір оқиғаның мән-жайын анықтау мақсатында арнайы коммиссия құрылды. Оның құрамына төтенше жағдайлар, сондай-ақ еңбек департаменті қызметкерлері мен прокурорлар енген.

Владимир Пфаргер, Қарағанды облысы ТЖД бастығының орынбасары:

Бұл шахтадағы жарылыс емес. Жезқазғанда метан газы жоқ. Онда шахтаны тесетін құрылғы атылған. Дұрыс зарядталмаған болуы мүмкін. Негізі, қондырғылар алдын ала тексеріледі, сапасы да жоғары.

Айжан КУАШ