Спорт Қазақстан
$445.66 €474.58 ₽4.78
×

Қарағандыда 3 айлық нәрестесін араққа айырбастамақ болған ана ұсталды

AstanaTV
04.11.2014ж. 10:00
1235
Қарағандыда 3 айлық нәрестесін араққа айырбастамақ болған ана ұсталды

Қарағандыда 3 айлық нәрестесін 500 теңгеге сатпақ болған мас әйел ұсталды. Куәгерлердің айтуынша, 31 жастағы ана сәбиді бір бөтелке арақ үшін саудаламақ болыпты.

Жезқазғандық маскүнем ана мен оның досының базарда нәрестені сатпақ болып жүргенін көрген сатушылар дереу полицияға хабар берген. Күдіктілер көп ұзамай ұсталды. Әбден тоңып, қалжыраған 3 айлық нәресте болса ауруханаға жатқызылды. Ал, мас анасын полицейлер тергеуге алған. Әзірге қылмыстық іс қозғалған жоқ. Мәселенің мән-жайы анықталған соң ғана, әйелге қатысты тергеу тағайындалмақ.

Ержан Әбішев, Қарағанды қаласы ІІБ Оңтүстік Шығыс полиция бөлімі бастығының орынбасары:

Жедел тергеу тобы келіп, әйел адам мен еркек адамды дереу ұстады. Айтуынша, бала өзінікі. Ол сатпаған, жай тамақ ішіп жүрдім дейді.

Айжан КУАШ