$489.36 €533.45 ₽4.99
×

Президент Ақордада Парламент спикерлерін қабылдады

AstanaTV
18.01.2016ж. 20:00
1144
Президент Ақордада Парламент спикерлерін қабылдады

Бүгін президент Ақордада Парламент спикерлерін қабылдады. Кеңеске премьер-министр мен Президент әкімшілігінің жетекшісі де қатысты. Онда Мәжіліс депутаттарының мерзімінен бұрын парламент және мәслихат сайлауын өткізу туралы бастамасы қаралды.

Президент ұсыныстың көпшілік қолдауына ие болғанын жүргізілген қоғамдық сауалнамадан да байқауға болатынын атап өтті. Әрі Мәжіліс пен мәслихат сайлауын бірлесіп өткізу туралы бастама қаржылық шығындарды тиімді етуге болатынына назар аударды. Сенат спикері Қасым-Жомарт Тоқаев пен Мәжіліс төрағасы Қабиболла Жақыпов, мерзімінен бұрын парламент және барлық деңгейдегі мәслихат сайлауын өткізу уақытында қолға алынған әрі, ел алдында тұрған маңызды тапсырмаларды орындау үшін, жаңа мандаттар керек, деген пікір білдірді.

Еске салайық, өткен сәрсенбіде Мәжіліс депутаттары мерзімінен бұрын сайлау өткізу туралы ұсыныс айтып, президентке үндеу жолдаған еді.