$485.11 €523.82 ₽5.02
×

Халықаралық активтер 105,1 млрд теңгеге жетті

AstanaTV
06.11.2014ж. 13:00
1455
Халықаралық активтер 105,1 млрд теңгеге жетті

Қазақстанның халықаралық активтері 105,1 млрд теңгеге жеткен. Бұл туралы Ұлттық банк төрағасы Қайрат Келімбетов мәлімдеді.

Бас банкирдің айтуынша, 2014 жылдың қаңтар-қазан айлары аралығында Ұлттық банктің алтын валюталық активтері 14,4 пайызға артып, 28,3 миллиард долларға жеткен. Ал, ұлттық қордың шетелдік валютадағы активтері 8,5 пайызға артып, 76,8 миллиард долларды құрады.

«Жыл басынан бері Ұлттық қордың резервтерін қоса алғанда Қазақстанның халықаралық активтері 10 пайызға артты. Қазан айының соңында ол 105,1 миллиард АҚШ долларын құрап отыр. Сондай-ақ, 10 айда еліміздегі ақша массасы 16 пайызға артты», - деді Қайрат Келімбетов.

Тоғжан ЖАЛҒАСБЕКҚЫЗЫ