Спорт Қазақстан
$444.22 €476.38 ₽4.82
×

Қазақ-түрік қоғамы Стамбул қаласында домбыра үйірмесін ашты

AstanaTV
06.11.2014ж. 13:00
2769
Қазақ-түрік қоғамы Стамбул қаласында домбыра үйірмесін ашты

Қазақ домбырасының үні Түркияда да танымал. Стамбулда алғаш рет домбыра үйірмесі ашылды. Қазақ-түрік қоғамы құрған үйірмеге келушілер аз емес. Әсіресе, Түркиядағы қазақ қауымының жастарына төл мәдениетпен жетік танысуға мүмкіндік туды. Ал, жақында игі бастаманың жалғасы ретінде қазақ тілі курсы ашылды.

Домбыра үйренушілердің деңгейіне қарай үш топтан тұратын жиын саны қырықтан аса оқушы бар. Сондай-ақ, жаңа маусымда қатарға жаңадан қосылып жатқандары және бар. Барлығы қос ішекті, көп пернелі аспаптың құлағында ойнасақ деп армандайды.

Стамбул қаласының тұрғыны Эмин Игіт домбыра үйірмесіне қатысып, қазақ тілін үйреніп жүргендердің бірі. Қос сыныпта да бастауыш топтың құрамында. Қазақстаннан арнайы домбыра алдырып, екі апта бұрын үлкен дайындықпен келгенін айтады.

Эмин Игіт, домбыра үйірмесінің оқушысы:

Түбіміз бір болғандықтан, болар қазақтың ән-күйі жаныма жақын. Терме, күйлерді жиі тыңдаймын. Домбырамен орындалатын шығармалар қызығушылығымды оятып, мен де өзім тартып үйренсем деген мақсатпен келдім.

Домбыра үйірмесінің мұғалімі Седат Солакоғұлының еңбегі зор. Әр аптаның сенбісінде ұлттық аспабымызды үйрету үшін 150 шақырым жол жүріп, көрші қаладан қатынайды. Білген-түйгенімен бөлісіп, шәкірт тәрбиелеп отырған ұстаздың сыныбында 50 аса оқушы бар. Өзі де домбыра мамандығы бойынша Түркістан қаласындағы Қожа Ахмет Иассауи университетін тәмамдаған.

Седат Солақоғұлы, домбыра пәнінің мұғалімі:

Көбіне күй үйретіп жатырмын. Балалар Құрманғазының «Адай», «Балбырауын» күйін тартады. Дәулеткерейдің «Кероғлы»-сын тартады. Былтыр біз домбыра таппай жүрдік. Көп сабақтар қиын өтті. Қазақстаннан домбыра болса, сосын домбыра үйренейік деген кітабы болса, әрқайсысына бір-бірден таратсақ жақсы болады.

Бешір Ахмет, Қазақ-түрік қорының мәдениет бөлімінің жетекшісі:

Сұраныс қылды жастар. Сол үшін аштық. СКЛ Ресми түрде жарияласақ жақында Алдымен көрейік дедік, осы күнге дейін бірнеше түрік балдары келді. Оларда сабақ алып жатыр.

Жақында ғана жұмысын бастаған қазақ тілі сыныбында әзірге отыздан аса оқушы бар. Бұл курс ана тілінен алыстап, ұлттық дәстүрін ұмыта бастаған қара көздеріміз үшін ғана емес. Қазақтың мәдениеті һәм тарихымен танысамын деген өзге ұлт жастарына да есік ашық.

Самат СҮЛЕЙ