Мұнай бағасы 70 доллардан төмендеп
кетсе, ОПЕК шикізат өндірісіне квота бөлуді азайтады, яғни мұнай өндірісін
қысқартады. Венада өткен жиын барысында ұйымға
мүше елдер осындай пікір айтқан. Бұл туралы ресейлік БАҚ хабарлады.
Алайда The Wall Street Journal ОПЕК
мүшелері 2014 жылы мұнайдың мұншалық құлдырауын күтпейтінін жазды. Қазіргідей
баррелін 100 долларға сататын жағдайға бейімделген тұста, ондай құлдырау
экономикалық дүрбелеңге соқтырады, - дейді ОПЕК өкілдері. Квотаға қатысты кеңейтілген жиын 27 қарашада
өтеді.
Deutsche Bank-тің мәліметінше, «қара алтынның» 70 долларға дейін арзандауы, ОПЕК елдерінің бюджетіне соққы болмақ. Бейсенбі күні жарияланған ОПЕК сараптамасында, 2017 жылы
картель өндіретін мұнайға сұраныс 28,2 млн баррелге төмендейді делінген. Бұл
соңғы 14 жылда болуы мүмкін рекордтық құлдырау. Болжам бойынша, ол 2035 жылға
дейін жалғасуы мүмкін. Жыл басынан бері «қара алтын» бағасы 22-26 пайызға түсті.
Осы аптада мұнай бағасы 80 доллардан төмендеп кетті. Бұл соңғы төрт жылда болмаған жайт.
Мөлдір ДҮЙСЕКИНА