$485.11 €523.82 ₽5.02
×

Елімізде астық экспорты 6 млн тоннаға қысқармақ

AstanaTV
07.11.2014ж. 13:00
1013
Елімізде астық экспорты 6 млн тоннаға қысқармақ

Қазақстандық бидай бітімінің төмен көрсеткіштері жайында АҚШ-тың ауыл шаруашылығы өкілдері де өз министрліктерінде баяндап жатыр. Америка шаруалары келтірген деректерде, қазақстандық бидай экспорты биыл 6 млн тоннаға дейін қысқарады, делінген.

Ал биыл елімізде орылған астықтың көлемі 13 млн тонна. Бұл өткен жылмен салыстырғанда, 1 млн тоннаға кем, дейді америкалықтар. Қазан айының соңғы күндерінде жауған жаңбыр мен қардың салдарынан жиналған астықтың көлемі кеміді. Оған қоса, ылғалдылығының жоғары болуына байланысты сапасы төмендеген. Осылайша, Қазақстанның бидай экспорты биыл өткен жылдан 1,5 млн тоннаға, 2011-2012 жылдардан, тіпті екі есеге азайды, делінеді баяндамада.

Азамат АЛДОҢҒАРОВ