$485.11 €523.82 ₽5.02
×

Ақтөбеде жасөспірімді зорлаған қылмыскер 17 жылға сотталды

AstanaTV
10.11.2014ж. 10:00
999
Ақтөбеде жасөспірімді зорлаған қылмыскер 17 жылға сотталды

Ақтөбеде өз бауырын зорлаған қылмыскер 17 жылын темір тордың арғы жағында өткізетін болды. Жабық түрде қаралған қылмыстық іске бүгін нүкте қойылды. Облыстың Шалқар ауданында тұратын 48 жастағы ер адам 4 жыл бойы өзінің жақын туысын зорлап келген.

Алғаш рет әлеуметтік желіні қалай қолдану керектігін үйретемін деген желеумен жасөспірімді 13 жасында қорлаған. Бұдан кейін де соңынан қалмай, арам әрекетін жүзеге асырумен болған. 4 жыл бойы ағасының қаһарынан қорыққан жасөспірімнің көмек сұрауға батылы бармайды. Артымнан сөз ереді деп те ойлайды. Шыдамы таусылған соң, ағасының көрсеткен қорлығын таспаға жазып, полицейлерге жеткізген. Бұлтартпас айғақтарға көз жеткізген сот оған жаза тағайындады.

Гүлжан Әжіғалиева, Ақтөбе облыстық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы:

Қалиев Асылбек Қуанышбайұлы ҚР ҚК 121-бабы 4-бөлігі бойынша кінәлі деп табылып, 17 жылға бас бостандығынан айырылсын. Жазасын қатаң режимдегі колонияда өтеу белгіленсін.

Мансұр ЕСҚОЖИН