$485.11 €523.82 ₽5.02
×

Халықаралық ғарыш стансасынан 3 ғарышкер жерге оралды

AstanaTV
10.11.2014ж. 10:00
1120
Халықаралық ғарыш стансасынан 3 ғарышкер жерге оралды

Бортында үш ғарышкері бар «Союз ТМА-13М» басқарылатын ғарыш кемесі халықаралық ғарыш стансасынан сәтті ажырады. Арнайы капсуламен жерге Максим Сураев, Рид Вайзман және Александр Герст оралмақ.

Ресейлік ұшуларды басқару орталығының мәліметінше, станциядан бөлінгеннен кейін кеме бұрылу маневрін орындайды, содан кейін бірнеше сағат бойы автономды түрде ұшады. «Союз»-дың қозғалтқыш құрылғысы кеменің орбитадан шығуы үшін бес минуттық тежеу импульсін береді. Кейіннен кеме бөліктерге ажыратылып, жерге қону аппаратынан тұрмыстық және құралдық-агрегаттық бөлік ажырайды. Одан кейін ғарышкерлер мінген капсула атмосфераның тығыз қабаттарына енеді. Халықаралық экипаж мүшелері Арқалық қаласы маңына қонады деп күтілуде.

Жұрағат БАМАН