Спорт Қазақстан
$447.4 €477.55 ₽4.76
×

Сирияда белгісіздер ғалымдар отырған көлікке оқ жаудырып, бес инженерді өлтірді

AstanaTV
10.11.2014ж. 13:00
1171
Сирияда белгісіздер ғалымдар отырған көлікке оқ жаудырып, бес инженерді өлтірді

Сирияда атом саласының 5 инженері қаза тапты. «РИА Новости» агенттігінің хабарлауынша, ғалымдар мінген автобусқа белгісіз қарулы топ оқ жаудырған. Сондай-ақ, автобустың минаға тап болуы мүмкін деген ақпар да жоққа шығарылмайды. Қаза тапқандардың денелері Дамасктегі Хиреа көпірінің маңынан табылған. Инженерлер ел астанасының солтүстігіндегі Берзе қалашығында орналасқан зерттеу орталығында қызмет еткен. Ғалымдарды кім және қандай мақсатта өлтіргені әзірге белгісіз. Қазіргі таңда қаза тапқандардың екеуінің жеке тұлғалары анықталды.

Алайда, мамандардың қай елдің азаматтары екендігі айтылған жоқ.

Тоғжан ЖАЛҒАСБЕКҚЫЗЫ