$485.11 €523.82 ₽5.02
×

Иран, АҚШ және Еуроодақ өкілдері Иран ядролық бағдарламасы бойынша өзекті мәселелерді талқылады

AstanaTV
10.11.2014ж. 13:00
1310
Иран, АҚШ және Еуроодақ өкілдері Иран ядролық бағдарламасы бойынша өзекті мәселелерді талқылады

Оман астанасы Маскат қаласында Иранның сыртқы істер министрі Джавад Зариф, АҚШ мемлекеттік хатшысы Джон Керри және Еуропалық одақ үйлестірушісі Кэтрин Эштон арасындағы үш жақты келіссөздердің екінші кезеңі өтіп жатыр.

Кездесу кеңес форматында өрбуде. Оның басты мақсаты - Иранның ядролық бағдарламасының бейбіт мақсатта қолданылуын Иран Республикасына қарсы халықаралық санкцияларды алып тастау арқылы қамтамасыз ету.

Халықаралық «алтылықтың» қатысуымен өтетін негізгі келіссөздер ертең Маскатта өтпек. Оның барысында уранды байыту центрифугаларының саны бойынша келіспеушіліктер және экономикалық шектеулерді жою жолдары талқыланады. Алқалы жиынның Оманда өтуі тегін емес.

Сарапшылардың пікірінше, елдің Иранмен де, АҚШ-пен де орнаған жақсы қарым-қатынасы тараптардың бір бітімге келуіне септесуі мүмкін.

Азамат АЛДОҢҒАРОВ