Спорт Қазақстан
$448.15 €483.46 ₽4.86
×

Оралда «Мемлекет-жеке кәсіпкерлік» есебінен тұрғын үйлер салынады

AstanaTV
11.11.2014ж. 10:00
1423
Оралда «Мемлекет-жеке кәсіпкерлік» есебінен тұрғын үйлер салынады

Бизнес пен билік бірігіп, Орал қаласындағы апатты үйлерді азайтудың тың тәсілін қолға алды. Бұл үшін шаһардағы тозығы жеткен ескі үйлердің орнына көп қабатты үй салынады. Үйді салу ісі жеке құрылыс компанияларына жүктеледі. Олар салынған үйге осы жердегі бұрынғы тұрғындарды қоныстандырып, артылып қалған пәтерлерді нарықтық бағамен сатады. Әзірге осындай екі жоба бойынша 4 үйдің орнына 90 пәтерлік бір үй тұрғызылмақ. Жобалық-сметалық құжаттамасы аяқталғасын, құрылыс жұмыстары келер жылдың көктемінде басталады. Жергілікті әкімдік үй аумағын абаттандырып, жарық пен газ, су секілді инфрақұрылымды жүргізу ісін мойнына алмақ.

Мәлік Еснияз, Орал қалалық құрылыс бөлімінің басшысы:

Әр кісінің бөлме санына қарай емес, пәтерінің көлеміне қарай жаңадан үй беріледі. Солар айтуы мүмкін ертең, мысалы, маған үш бөлмелі пәтер керек деп. Көрдіңіз бе? Біздер қазір айтып жатырмыз. Заман талабына сай салынған кең, үлкен пәтер, жаңадан аласыз.

Күні бүгін Орал қаласында 12 мыңнан астам адам тұрғын үй кезегінде тұр екен. Осы бастама арқылы баспанаға мұқтаждардың қатарын азайтпақ болған шаһар басшылығы мемлекеттік тұрғын үй құрылысы бағдарламасын да жандандырмақ ниетте.

Еркін ҚАРИН