$485.11 €523.82 ₽5.02
×

Экономикалық проблемалар салдарынан Израиль үкіметі әскер қатарын қысқартты

AstanaTV
11.11.2014ж. 13:00
1920
Экономикалық проблемалар салдарынан Израиль үкіметі әскер қатарын қысқартты

Израиль әскер санын қысқартып жатыр. Соңғы он жылда мұндай ауқымды қысқарту болмаған.

Жергілікті ақпарат құралдарының хабарлауынша, Израиль билігі бұл қадамға қаржы жетіспеушілігінен барып отыр. Бірер күн бұрын ғана Үкімет бюджетті қысқарту бойынша бағдарламаны мақұлдады. Енді алдағы жылдың тамызынан бастап әскер қатарына шақырылған сарбаздар борышын төрт айға аз өтейді. Яғни, бұрыңғыдай 36 емес, 32 ай.

Алайда, армияға деген қаражаттың ықшамдалуы елдігі қазіргі ахуалға қолайсыз болып отыр. Өйткені кейбір арабтар тұратын ауылдарда шиеліністер ушығып кетті. Жергілікті тұрғындар мен полиция бірнеше мәрте қақтығысқанын ақпарат көздері хабарлап отыр.