Спорт Қазақстан
$443.85 €474.3 ₽4.8
×

Қытайда Путин мен Обама АТЭС саммиті барысында «оңаша шығып» сөйлесті

AstanaTV
11.11.2014ж. 13:00
1259
Қытайда Путин мен Обама АТЭС саммиті барысында «оңаша шығып» сөйлесті

Бейжіңде өтіп жатқан Азия-Тынық мұхит экономикалық бірлестігі саммитінде Ресей президенті Владимир Путинмен мен АҚШ президенті Барак Обама кездесті.

«РБК» ақпарат агенттігінің хабарлауынша, ел басшылары екі рет кездесу өткізген. Екі ел президенттерінің не туралы сөйлескендері туралы ақпарат берілген жоқ. Бұл ақпарды ресейлік баспасөз қызметі де растады.

Айта кететін жайт, екі ел басшыларының кездесуі туралы мәлімет соңғы уақытқа дейін күмән тудырған болатын. Себебі, ресми кездесу жоспарланған жоқ. Соңғы рет Обама мен Путин Солтүстік Ирландияда өткен G8 саммитінде 2013 жылы кездесті. Содан кейін Петербордағы саммитте тағы да басқосу болған. Ал, Қырым Ресейге қосылған сәтте президенттер Нормандияда кездесті.

Тоғжан ЖАЛҒАСБЕКҚЫЗЫ

Алдыңғы жаңалық