$520.93 €609.07 ₽6.68
×

Жекешелендіруге жататын кәсіпорындар тізімінде стратегиялық маңызы бар мекемелер де бар

AstanaTV
18.01.2016ж. 20:00
1931
Жекешелендіруге жататын кәсіпорындар тізімінде стратегиялық маңызы бар мекемелер де бар

Қазақстан Үкіметі жекешелендіруге жататын кәсіпорындардың тізімінен стратегиялық маңызы бар нысан «Қапшағай ГЭС-ін» алып тастамаған. Бұл туралы «Астана» арнасына «Самұрық-Энерго» компаниясының өкілі мәлімдеді.

Еске салсам, осыдан екі жыл бұрын Алматы қаласының бұрынғы әкімі Ахметжан Есімов «Алматы электр стансасы» акционерлік қоғамына тиесілі «Қапшағай ГЭС-ін» жекенің қолына бермеу туралы дабыл қаққан болатын. Сол кезде «Самұрық-Энерго» компаниясының басшылығы «Қапшағай гидроэлектр стансасын» «Алматы электр стансасы» акционерлік қоғамының құрамынан шығару үшін құжаттарды премьер-министрдің бірінші орынбасары бастаған комиссияның қарауына жібергенін мәлімдеген еді. Бірақ әлі күнге дейін тиісті шешім шығарылмаған.

Қайрат Мақсұтов, «Самұрық-Энерго» АҚ басқарма төрағасының орынбасары:

30 желтоқсан күні үкімет жекешелендіруге жататын кәсіпорындар туралы қаулы қабылдаған болатын. Соған сәйкес бірнеше заң актілеріне оның ішінде стратегиялық маңызы бар нысандарға қатысты заңдарға өзгерістер мен толықтырулар енгізу қарастырылған. Біз Қапшағай гидроэлектр стансасына қатысты мәселе болашақта қабылданатын заңдардың аясында шешіледі деген ойдамыз.

Белгілі болғандай, бүгінгі күні бәсекелі ортаға өтетуі тиіс «Самұрық-Энерго» компаниясына тиесілі мекемелердің құны 160 миллиард теңгені құрайды екен. Десек те, жекешелендіруге өтетін нысандардың нарықтағы құнын тәуелсіз кеңесшілер анықтайды. Қайрат Мақсұтовтың айтуынша, науқан аясында сатылмай қалған «Самұрық-Энерго» мекемелері компания иелігінде қалмақ.

Берік ХАСЕНОВ