$485.11 €523.82 ₽5.02
×

Қызылордалықтардың 60 пайызы өзен суын тұтынып отыр

AstanaTV
12.11.2014ж. 10:00
1584
Қызылордалықтардың 60 пайызы өзен суын тұтынып отыр

Қызылорда қаласы тұрғындарының 60 пайызы өзен суын тұтынып отыр. Ал қала асты табиғи қайнарға тұнып тұр. Енді таза су көзі - Қызылжарма жер асты су қоймасын пайдалану жобасы іске асырылуда. Бұрыннан белгілі су қорын зерттеуге былтыр қаражат бөлінген.

Бүгінде Қызылорда облысының 262 елді мекенінің 70-тен астамы әлі де таза ауыз суға зәру. Шалғай жатқан ауылдардың біріне су көлікпен тасымалданса, енді бірінде тұрғындар суды құдықтан тасып ішеді. Жазда көл суын ішетін, қыста қарды ерітетін елді мекендер де бар. Екі жыл бұрын мұндай ауылдардың саны жүзден асатын.

Алайда, «Ақбұлақ» мемлекеттік сумен қамту бағдарламасы енгізгелі бері аймақта ауқымды істер атқарылды. Екі жылда республикалық және облыстық бюджеттерден жалпы 17 миллиард теңге бөлініп, 120 шақырым су жүйесі мен 130 шақырым сервистік жүйе күрделі жөндеуден өтіп, сумен қамту нысандары салынып, тұрғын үйлерге су есептегіш құралдар орнатылды. Нәтижесінде тағы отызға жуық елді мекенге таза су келді. Жаңа су қорының игерілуі облыс орталығын да сапалы ауыз сумен қамтуға мүмкіндік бермек.

Ерлан Жоламанов, Облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының бөлім басшысы:

Қызылжарма жер асты қорын алдымен зерттеп алу қажет болды. 83 мың текше метр тәулігінде сондай су қорын алуға болатын зерттеу қорытындысы алынды Қызылжарманың. Енді біз бұған жобадағы 85 скважинаның бұрғылау жұмыстарына кірістік. Өткен жылы, 2013 жылы 21 скважина бұрылған тұғын, биыл 17 скважина бұрғыланды.

Шарипа САҚТАПОВА