Спорт Қазақстан
$443.85 €474.3 ₽4.8
×

Қарағанды облысындағы АК 159/1 түзету мекемесінен қашқан азаматтардың есімдері мен ерекше белгілері жарияланды

AstanaTV
12.11.2014ж. 10:00
1479
Қарағанды облысындағы АК 159/1 түзету мекемесінен қашқан азаматтардың есімдері мен ерекше белгілері жарияланды

Қарағанды облысындағы АК 159/1 түзету мекемесінен қашқан азаматтардың есімдері мен ерекше белгілері жарияланды. Қашқынның екеуі де Қарағанды облысының тумалары.

Лошкарев Султан, 1994 жылы туған, түрмеге ұрлық жасағаны үшін қамалыпты. Бойы 175-180 см, арық бітімді. Түрме аумағынан қашқан күні үстіне сұрғұлт-жасыл арнайы жұмыс киімін киген. Виктор Шабунин де 1994 жылы дүниеге келген. Ол түзету мекемесіне көлік ұрлағаны үшін түсіпті. Бойы шамамен 170-175 см, арықша келген. Шабуниннің де үстінде көгілдір түсті арнайы киім болған.

Еске салайық, 9-шы қараша күні түсте Қарағандының уақытша қамау изоляторынан 2 адам терезенің торын қиып, қашып кетті. Қарағандыда тұтқындардың қашу оқиғасы бірінші рет болып отырған жоқ. Биыл шілде айында дәл осы АК 159/1 уақытша қамау изоляторынан бір ер адам қашып кетіп, бір күннің ішінде ұсталған еді. Қарағанды облыстық ІІД, қандай да бір ақпараты бар азаматтарды 42-90-25, 42-90-26 нөмірлері бойынша хабарласуларын сұрайды.

Азамат АЛДОҢҒАРОВ