Батыс
Қазақстан облысында ірі жол апаты болып, 5 адам қаза тапты. Облыстық ішкі істер
департаменті өкілдерінің дерегіне сүйенсек, «Орал-Ақсай» тас жолында
«Фольксваген Шаран» автокөлігінің жүргізушісі жолдың қарсы бетіне шығып кетіп,
жеңіл көлікке соқтығысқан. Қаза тапқан 5 адамның біреуі - алты жасар қыз бала.
Тағы үш жолаушы Теректі аудандық ауруханасына жеткізілген. Дегенмен, олардың қазіргі жағдайы туралы
ақпарат жоқ.
Ал жыл басталғалы бері, небары 18 күннің ішінде облыста 10 адам
жол апатынан қаза тапқан.
Асылай
Ғұбашева, БҚО ІІД баспасөз хатшысы:
Осы
оқиға бойынша ҚР ҚК 345-бабы, 4-бөліміне сәйкес, бес адамның өліміне әкеп
соққан көлік құралдарын жүргізуші адамдардың жол қозғалысы және көлік
құралдарын пайдалану ережелерін бұзуы бойынша, сотқа дейінгі тергеу амалдары
жүргізілуде. Ауа райының күрт өзгеруіне байланысты, көлік жүргізушілеріне жолға
шыққан кезде сақтық шараларын қолдануларын сұраймыз.
Еркін
КАРИН