$520.93 €609.07 ₽6.68
×

Жуырда Қызылордаға ыстық су берілмек

AstanaTV
13.11.2014ж. 10:00
1587
Жуырда Қызылордаға ыстық су берілмек

Жуырда Қызылордаға ыстық су берілмек. Жоба мемлекеттік тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты жаңғырту бағдарламасы аясында іске аспақ.

Елбасы өз Жолдауында осы мәселеге тоқталған болатын. Аталған мемлекеттік бағдарламаға сай, 2020 жылға дейін жыл сайын 200 миллиардтай теңге бөлініп отырады. Облыс бойынша, 2015-жылы жаңғырту бағдарламасы бойынша, 115 көп қабатты үй жөнделмек. Керекті қаражат - 1 миллиард 750 мың теңге. Жалпы, бұдан бөлек күрделі жөндеуді тағы 500-ге жуық көп қабатты тұрғын үй қажет етеді. Биыл аймақтағы 81 тұрғын үй бағдарламаның шапағатын көрген. Олар бүгін құрғақ жертөлелер мен жөнделген кіреберістерімен, жаңа сыртқы келбеттері мен жаңартылған кәріз су және жылу жүйелерімен тұрғындарды қуантып отыр. Ал ыстық су барлық 697 қызылордалық көп қабатты үйлерге 2015 жылдың аяғыны дейін тартылмақ.

Асылбек Шәменов, Қызылорда облыстық энергетика және ТКШ басшысының орынбасары:

Облыстық бюджеттен 45 миллион бөлініп, техникалық-экономикалық негіздеме әзірленіп, осы жақын арада мемлекет сараптамасын қолымызға алып, сосын тиісті министрлікке ұсынып, әрі қарай осы үлкен бағдарламамызды іске жүзеге асырып, соны жоспарлар қойып отырмыз. Толық Қызылорда қаласын жасауға жұмыс жасаймыз.

Шарипа САҚТАПОВА