Спорт Қазақстан
$449.58 €486.94 ₽4.86
×
Реклама на сайте

Петропавл кәсіпкерлері «Нұрлы жол» жолдауын бір ауыздан қолдайды

AstanaTV
13.11.2014ж. 10:00
1093
Петропавл кәсіпкерлері «Нұрлы жол» жолдауын бір ауыздан қолдайды

Теріскей кәсіпкерлері Елбасының «Нұрлы жол» атты халыққа жолдауын бір ауыздан қолдайды. Іскерлер әсіресе, Нұрсұлтан Назарбаевтың шағын және орта бизнес саласына қатысты үкіметке берген тапсырмаларына разы.

Айтуларынша, аймақтарда жаңа индустриялық алаңдар салынса, өңірлердің экономикасына қан жүгірмек. Нәтижесінде қосымша инвестиция тартылып, ондаған ауқымды жоба қолға алынады. Мыңдаған жұмыс орны ашылады, дейді кәсіпкерлер.

Жалпы, Солтүстік Қазақстан облысының бизнес саласы дамудың даңғыл жолында. Соңғы 4 жылда мемлекеттік бағдарламалар аясында жалпы құны 5 млрд теңгені құрайтын 500-ден астам жаңа жоба жүзеге асқан.

Еркебұлан Кәменов, СҚО кәсіпкерлік және туризм басқармасының басшысы:

Елбасы мен Үкімет жасап отырған қолдаудың арқасында алдағы уақытта Солтүстік Қазақстан облысы экономикасының басым бөлігін азық-түлік өңдеу, машина жасау және жоғары технологиялар саласы құрайды, деп ойлаймын. Біз жақын арада ақылдасып, негізгі жоспарды өзгертетін ойымыз бар. Осылайша, туризм, өнеркәсіп және индустрия бағытына мейілінше көңіл бөліп, Ел президенті жүктеген тапсырмаларды іске асырамыз.

Абзал ҚҰРМАНКИН