$485.11 €523.82 ₽5.02
×

Қарағанды қаласында тергеу изоляторынан қашып кеткендерге топтасып қашу әрекеті бойынша қылмыстық іс қозғалды

AstanaTV
13.11.2014ж. 13:00
1292
Қарағанды қаласында тергеу изоляторынан қашып кеткендерге топтасып қашу әрекеті бойынша қылмыстық іс қозғалды

Қарағандыдағы АК 159/1 тергеу изоляторынан қашқандар ұсталды. Қашқындар қала орталығындағы жалдамалы пәтерде тұтқындылды.

Қашқындар - Султан Лошкарев пен Виктор Шабунинді іздеу және құрықтау операциясына жоғары шенді полицейлер ат салысқан. Куәгерлердің айтуынша, полиция қашқындар жасырынған үйдің есігін бұзып кіріп, құрықтау операциясын жедел өткізді.

Еске салайық, екі тұтқын өткен жексенбіде тергеу изоляторынан қашып шыққан еді. Олар ұрлық және көлік ұрлау баптарымен сотталған. Қылмыскерлер қайтадан сол изоляторға қамалды. Енді олардың үстінен топтасып қашу әрекеті бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Бақытжан Құдияров, Қарағанды облыстық ІІД Мемлекеттік тіл және ақпарат басқармасының басшысы:

Жүргізілген жедел ауқымды іс-шаралар барысында олар 12 қарашада кешкілік жедел уәкілдерімен қала орталығындағы пәтерлердің бірінен ұсталды. Ұсталғандарға қатысты ҚР Қылмыстық Кодексінің 358-ші бабы 2-ші тармағы бойынша қылмыстық іс қозғалып, олар уақытша қамау изоляторына қамалды. Тергеу амалдары жүргізілуде.

Айгүл ӘДЕПБАЙ