Спорт Қазақстан
$448.15 €483.46 ₽4.86
×

Батыс Қазақстан облысы Теректі ауданындағы шаруа қожалығының қойын қырып кеткен иттердің бірі құтырған

AstanaTV
13.11.2014ж. 13:00
1504
Батыс Қазақстан облысы Теректі ауданындағы шаруа қожалығының қойын қырып кеткен иттердің бірі құтырған

Батыс Қазақстан облысы Теректі ауданындағы шаруа қожалығының қойын қырып кеткен иттердің бірі «құтырған» болып шықты. Тексеруге жіберілген төрт иттің өлексесіне жүргізілген сараптама нәтижесі осындай. Енді төбеттерден теперіш көрген елді мекенде карантин жариялануы мүмкін. Бұл іспен Орал қалалық ветеринарлық инспекция айналысады.

Қазыбек Ташимов, БҚО Ауыл шаруашылығы басқармасының бөлім басшысы:

Практикаға сәйкес, құтырған иттер топ-топпен жүрмейді. Бұл жерде өзімізде таңғалып отырық, шыны керек, жаңағыдай, өзіміз де көріп отырық қой, біліп отырық. Бұл жерде иттер қойға шапқан кезде тобымен шапты. Негізі, жалпы құтырған ит өзі бөлек, жалғыздан жүреді ғой.

Ал малын сақтандырмағандықтан, қожалық иесіне өтемақы төленбейді. Дегенмен, қолына таяқ ұстап қала жаздаған мал иесіне жанашырлық танытқан көрші қожалықтар өз арасынан жылу жинауға кірісті.

Еске салайық, қарашаның алғашқы аптасында облыстың екі елді мекенінде қоралы қойға жабайы ит шауып, 85 ұсақ малды жарып кеткен еді. Осы оқиғадан кейін полиция өңірдегі бұралқы иттерді аулауға кірісті.

Айта кетелік, биыл Батыс Қазақстан облысында иесіз жануарларды жоюға бөлінген 42 млн теңгеге 23 мың 676 ит пен 1 мыңнан астам мысық ауланыпты.

Еркін ҚАРИН