$518.97 €607.3 ₽6.64
×

Ыстамбұл әуежайында 500 ұшақтың сапары кейінге шегерілді

AstanaTV
18.01.2016ж. 20:00
1821
Ыстамбұл әуежайында 500 ұшақтың сапары кейінге шегерілді

Бүгін Түркияның Ыстамбұл қаласындағы Ататүрік және Сәбиха Гөкчен әуежайында ішкі және халықаралық рейстер тоқтатылды. Ауа райының қолайсыздығына байланысты Түрік әуе жолдары компаниясының мамандары 500-ге жуық ұшақтың сапары кейінге шегергенін хабарлады. Сондай-ақ олар, күннің көзі ашылмайынша, нақты уақытын айту мүмкін емес екенін, ескертті. Қазір мыңдаған жолаушы әуежайда түнеуге мәжбүр.

Айта кетейік, Анадолы елінде қалың қар жауып, жүріп-тұруға айтарлықтай қиындық туғызып отыр. Қала ішіндегі қоғамдық көліктердің көбі тоқтап қалды. Жергілікті ақпарат құралдарының мәліметінше, көлік апаты көп.

Үш автобус бір-бірімен соғысып, біз отырған көлік артынан барып соқты. 7-8 адам жарақат алды. Менің де тізем жараланды. Расында да, жер тайғақ, қар қалың жауып тұрған еді. Жол жөнекей де көп көрдім, жол апатына ұшыраған көліктерді.

Самат СҮЛЕЙ