Қарағанды
облысында 45 адам қар құрсауынан құтқарылды. Көктайғақтан соң жауған қалың
қардан жолаушылар автобусы жол бойынан шығып кетіп, омбы қарда тұрып қалған.
Жолаушылардың көбі - əйелдер мен
жасөспірімдер.
Автобус
Жезқазғаннан Қарағандыға бет алған. Жолаушылардың жолы болып, аязға қалмады.
Полицияның кезекші бөліміне қоңырау түсіп, Қызылорда-Павлодар тас жолында
бақылауда жүрген жол сақшылары жолаушыларды 1 сағаттың ішінде құтқарып алған.
Қалың жауған қар Астана тұрғындарын да әбігерге салды. Көше бойы мен аулаларда
қардан аяқ алып жүргісіз. Демалыс күндері айлық мөлшердегі қар жауған.
Коммуналдық шаруашылық өкілдері үлгеріп жатырмыз дегенмен, Астананың
көшелерінде тазаланбаған қар аз емес. Орталық көшелердегі аялдамалардың жанында
да ақ ұлпа тау-тау болып үйілген. Мұны тазалаушы органдар қардың көптігімен
түсіндіреді.
Алтын
Нұржұмина, «Астана тазалық» ЖШС бөлім бастығы:
Қыс
басталғаннан бері кешеге дейін қар 1 350 000 куб қар шығарылды. 2100 адам қар
тазалауға шықты. Үлгеріп жатырмыз.
"Бір
тәулікте 53 мың текше метр қар шығару - өте көп", - дейді шаруашылық өкілдері. Ал
синоптиктер алды қатты аяздың келе жатқанын болжайды. Ертеңнен бастап Солтүістік,
Шығыс және Орталық Қазақстанды аяз
қыспаққа алмақ.
Айгүл ӘДЕПБАЙ