$498.34 €519.72 ₽4.85
×

Алматыда Азия парламентшілері форумының конференциясы жұмысын бастады

AstanaTV
13.11.2014ж. 20:00
1255
Алматыда Азия парламентшілері форумының конференциясы жұмысын бастады

Алматыда Азия парламентшілері форумы ұйымының «Халықтың қоныстануы және дамуы» жөніндегі өңірлік конференциясы өз жұмысын бастады. Бұл ұйым негізінен ұлттық парламенттік комитеттердің көші-қон, денсаулық, гендерлік теңдік сияқты мәселелері төңірегіндегі жұмыстарын үйлестіріп отырады. Бұл жолғы конференция Орталық Азия елдері түйіткілдеріне арналады. Ауқымды іс-шара барысында көптеген өзекті мәселелерді талқылау көзделген. Соның бірі - заңдарды жетілдіре отырып, азаматтардың әл-ауқатын арттыруды қамтамасыз ету. Сондай-ақ, әлеуметтік саясатқа салынған инвестиция мәселесі сөз болды.

Мамандардың пікірінше, халықтың қоныстануы және дамуы жөніндегі конференцияның іс-қимыл бағдарламасы қабылданған 20 жылдың ішінде Орталық Азияның әр елінде маңызды заңдар қабылданып, жетістіктерге қол жеткізілген. Мысалы, гендерлік теңдік, әйелдер мен жастар құқығының кеңеюуі, ана мен бала өлімін азайту жөнінде ауқымды жұмыстар атқарылған.

Алматыда өтіп жатқан екі күндік жиынның қорытындысы бойынша арнайы декларация қабылданады. Онда халықтың қоныстануы және дамуы жөніндегі конференцияның негізгі басымдықтарын Орталық Азияда жүзеге асыру бойынша парламентшілердің міндеттемелері белгіленуі тиіс. Ұйымдастырушылардың айтуынша, Алматыда қабылданған декларация болашақта Азия парламентарийлері форумының өңірдегі жұмысының бағыт-бағдары айқындалады.

Дариға Назарбаева, ҚР Парламенті Мәжілісі төрағасының орынбасары:

Соңғы 20 жыл ішінде халықтың қоныстануы жайлы бағдарламаның ілгері дамығанын байқауға болады. Бірақ соның өзінде шешілмеген мәселелер жетерлік. Біріншісі, жыл сайын бала туу коэфициентінің өсуі. Әлемдегі барлық елдердің жартысында халық санының теріс бағытта артуы байқалады. Салдарынан әлеуметтік осал топтар артты. Ал мұның арты түрлі қақтығыстарға әкеліп соғуы ықтимал.

Берік ХАСЕНОВ 

Алдыңғы жаңалық