×

«ҚазТрансОйл» мен «ҚазТрансГаз» біріктірілмейді

AstanaTV
19.01.2016ж. 20:00
1464
«ҚазТрансОйл» мен «ҚазТрансГаз» біріктірілмейді

Ал «ҚазТрансОйл» мен «ҚазТрансГаз» біріктірілмейтін болды. Бұл туралы «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы өзінің ресми сайтында хабарлады. Онда «ҚазМұнайГаз» екі еншілес кәсіпорынды біріктірудің экономикалық тұрғыдан орынсыз екені айтылған. Бірақ ұлттық компания өкілдері бұған қатысты сұхбат беруден бас тартты. 

«Бұқаралық ақпарат құралдары мен акционерлерден келіп түскен ҚМГ компаниялар тобының екі еншілес кәсіпорны «ҚазТрансОйл» АҚ пен «ҚазТрансГаз» АҚ-ның біріктірілу мүмкіндігі туралы сұрауларға байланысты ҚМГ мұндай біріктірудің экономикалық тұрғыдан орынсыз екенін ресми түрде мәлімдейді».

«ҚазТрансОйл» мен «ҚазТрансГаз» компанияларын бірікітіруді «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қорының төрағасы Өмірзақ Шөкеев ұсынған болатын. Ол «ҚазМұнайГаздың» құрамында екі бірдей құбыр компаниясын ұстау тиімсіздігін айтқан еді. Айта кетерлігі, «ҚазМұнайГаз» акцияларының 90 пайызы «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қорына», қалған 10 пайызы Ұлттық банкке тиесілі. 

Айгүл ӘДЕПБАЙ