$484.11 €528.79 ₽5.03
×

Қытай экономикасында соңғы 25 жылда болмаған құлдырау байқалды

AstanaTV
19.01.2016ж. 20:00
2014
Қытай экономикасында соңғы 25 жылда болмаған құлдырау байқалды

Қытай экономикасында соңғы 25 жылда болмаған құлдырау байқалды. Өткен жылы өсім небәрі 6,9 пайызды құраған. Бұл жөнінде ұлттық статистика бюросына сілтеме жасап, Рейтерс хабарлады. Жалпы ішкі өнімнің мұндай мардымсыз өсімін сарапшылар елдегі жалпы үдерістермен байланыстырады. Яғни валютаның құнсыздануы, экспорт пен инвестицияға тәуелділік осындай жағдайға соқтырған.

Еске салсақ, 2014 жылғы қарашадан бері Қытайдың орталық банкі негізгі пайыздық мөлшерлемені алты рет қысқартты. Енді Аспан асты елі қызмет көрсету мен тұтыну саласы есебінен экономикалық өсімге қол жеткізуді қалайды. Қытайдың халықаралық резервтері өткен жылы 512,6 млрд АҚШ валютасы көлемінде азайып кеткен.

Базаргүл ОТЫНШИЕВА