$485.11 €523.82 ₽5.02
×

Алғашқы әскери дайындық қалай өту керек?

AstanaTV
17.11.2014ж. 20:00
2455
Алғашқы әскери дайындық қалай өту керек?

Алғашқы әскери дайындық пәнінде қолданылатын қарулар оқу-жаттығуға арналған жасанды болуы тиіс. Шымкенттегі политехникалық колледждің оқытушылары осылай деді.

Алғашқы әскери дайындық сабағында «Калашников» автоматының құрылымы назарға алынған. Атыс қаруының әрбір бөлшегін оқытушы Мақсатбек Ибрагимов студенттерге жіті таныстырып шықты. Қару-жарақ ұстау тәртібі, оның түрлері мен Отан қорғау тақырыбы колледж студенттеріне бірінші курстан бастап үйретіледі. Оқу құралы болғандықтан, автомат қауіпсіз. Алғашқы әскери дайындық пәнінің оқытушысы сабақта пайдаланатын оқу құралының осындай болуы шарт екенін айтады. Мұндағы гранаталар да жасанды. Яғни темірден құйылған макет. «Біздің мақсат - әскери өмірдің әліпбиін үйрету», - дейді ұстаз.

Мақсатбек Ибрагимов, Оңтүстік Қазақстан политехникалық колледжі алғашқы әскери дайындық пәнінің оқытушысы:

Мысалы, мынау граната-Ф1 - гранатаның корпусы. Ол балаларға салмағын көру үшін, сыртқы бөлігі, тек қана көзбен емес, қолмен ұстап сезу үшін арналған. Осы сабақтарды өтіп, үйреніп, қауіпсіздік шараларды үйренген соң, практика жүзінде оқу дала жиыны болады, сол кезде үйренген кезде, содан кейін қарулы күштерге қызметке барған кезде, сол жақта әрі қарай үйренеді.

Айзада ТӨРЕБЕКҚЫЗЫ