$517.84 €543.11 ₽5.28
×

Депутаттардың үндеуін шетелдік сарапшылар да қолдайды

AstanaTV
19.01.2016ж. 20:00
1483
Депутаттардың үндеуін шетелдік сарапшылар да қолдайды

Парламент мәжілісінің мерзімінен бұрын сайлау өткізу жөніндегі үндеуін шетелдік сарапшылар да құптарлық деп отыр. Әсіресе осындай жаһандық экономикалық дағдарыс кезінде іс басында білікті мамандар болғаны дұрыс, деп есептейді. Елбасының айқындаған міндеттерін тиісті деңгейде орындау үшін, мәжіліс жаңарып, жасару керек десті. 

Маттиас Дорнфельдт, саясаттанушы:

Менің ойымша, мәжіліске сайлау өткізу қажетті қадам. Парламент депутаттарына көп нәрсе байланысты. Қазіргі жағдайда құрамды жаңартқан дұрыс болар. Нәтижесінде "100 қадам" бағдарламасына толық назар аударылып, жаһандық қаржы дағдарысын еңсеруге толық мүмкіндік туады.

Ашот Тавадян, экономика ғылымдарының докторы:

Жаңа парламент жаңа міндеттерді орындауда аянбай еңбек етеді, деп ойлаймын. Бүгінгі экономикалық дағдарысқа қарамастан, Қазақстанды тұрақты ел деп білеміз. Рас, қалыптасқан жағдай Еуразиялық экономикалық одаққа мүше барлық елдерді  тығырыққа тіреді. Әрине, мәжіліс сайлауын мерзімінен бұрын өткізу - Қазақстанның ішкі мәселесі. Дегенмен, бұл өте дұрыс шешім, деп ойлаймын.

Ләйлә ҚАЗИАҚПАРОВА