$485.11 €523.82 ₽5.02
×

Қызылжарда теріс ағымды насихаттап келген емшіге сот үкім шығарды

AstanaTV
18.11.2014ж. 13:00
1241
Қызылжарда теріс ағымды насихаттап келген емшіге сот үкім шығарды

Бүгін Қызылжарда «Ата жолы» деп аталатын теріс ағымға жетекшілік еткен емшіге сот үкім шығарды. Петропавл әкімшілік соты залында оқылған деректерге сай, Гүлжан Бәтенова бақсылықпен айналысқан. Ол науқастарды үйінде қабылдапты. Алайда, ем іздеушілерге дем беріп қана қоймай, Түркістанға сапар шегуді де ұсынып отырған.

Емшінің атына арыз жазған тұрғындар тіпті жақындарынан айырылудың аз-ақ алдында қалғандарын айтқан. Олар аталған емшіге келген туғандарымыз бар қаржысын емге жұмсайды, кейбіреулері үйге келуден қалды деп, ашынады. Бірақ бақсы тек айыппұлмен ғана құтылды. Сот Әкімшілік кодекстің 374-бабына сәйкес 100 айлық есептік көрсеткіш көлемінде қаражат төлеуге міндеттеді. Десе де, бақсы теріс ағымға еш қатысым жоқ деп ақталған. 

Гүлжан Бәтенова, айыпталушы:

Менің «Ата жол» ұйымына ешқандай қатысым жоқ. «Халық емшісі» деген куәлігім бар. Биоток арқылы жұрттарды емдеп, тазартамын. Түркістанға бірнеше рет барғанмын. Маған емделуге келген адамдар бірге барайықшы деп сұранады. Содан кейін мен оларды ертіп апарамын. Барлық шығынды барған адамдар өз қалталарынан өздері үшін ғана төлейді. Мен олардан артық ақша алмаймын.

Абзал ҚҰРМАНКИН