$485.11 €523.82 ₽5.02
×

Таяу күндері Қазақстан аймақтарында қарлы боран болады

AstanaTV
18.11.2014ж. 20:00
2113
Таяу күндері Қазақстан аймақтарында қарлы боран болады

Арқаға нағыз қыс келіп жетті. Елордаға бір тәулік ішінде жарты айдағы мөлшерге тең келетін қар жауды. Бұл туралы «Қазгидромет» орталығы хабарлайды. Ауа райы мамандарының айтуынша, қардың қалыңдығы 14 миллиметрге жеткен. Аяз әлі де сақталады. Алдағы күндері ауа температурасы күндіз  -13, түнде -21 градус шамасында болмақ. «Сонымен қатар боран соғып, бұрқасын болуы  ықтимал», - дейді синоптиктер.

Ләззат Керімова, «Қазгидромет» РМК жетекші инженері:

Демалыс күндері аяз кішкене бәсеңдейді. Келесі аптаның басында ауа райы қайтадан суытады. Аяз болады. Солтүстік өңірлерде қар жауады, жел күшейеді, тұман болады, көктайғақ болады.

Күн райының күрт өзгеруіне байланысты қалада қозғалыс қиындай түсті. Жол жиегі мен көше бойындағы қарды тазалауға 1700-дей жұмысшы мен 500-ден аса техника жұмылдырылған. Көлік жолдарына құм төселіп, бір тәулікте қаладан 7 мың текше метр қар шығарылды. Өткен түні Жол патрульдік полицияның кезекші бөліміне жол көлік оқиғасы туралы 100-ден аса қоңырау түскен. Тәртіп сақшылары жүргізушілерге жол ережелерін бұзбауды ескертеді.

Софья Қылышбекова, Астана қаласы ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі:

Полиция қызметкерлері автокөлік иелерін автокөліктерін жол шеттеріне қойып кетпеулерін сұрайды. Өйткені қазіргі кезде қарды жинау жұмысы өтіп жатыр. Сонымен қатар автокөліктерінің шамдары жаққан күйде жүрулерін сұрайды.

Тоғжан ЖАЛҒАСБЕКҚЫЗЫ