$485.11 €523.82 ₽5.02
×

Елбасының Жолдауын іске асыру барысында жаңа жұмыс орындары ашылып, маман даярлау ісі өрлейді

AstanaTV
18.11.2014ж. 20:00
911
Елбасының Жолдауын іске асыру барысында жаңа жұмыс орындары ашылып, маман даярлау ісі өрлейді

Елбасының Жолдауын іске асыру барысында жаңа жұмыс орындары ашылып, маман даярлау ісі өрлейді. Бұл халықтың тұрмыстық жағдайын жақсартып, өңірлердің өркендеуіне септігін тигізбек. Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте осы мәселе сөз болды. Сәкен Сейфуллин атындағы агротехникалық университет мамандарының айтуынша, жаңа экономикалық саясатқа сай қаржылық қолдауды қажет ететін бірнеше сала бар. Ол көлік, энергетикалық, индустриалдық, әлеуметтік бағыттағы салалар. Әсіресе жаһандық проблемаға айналған азық-түлік, экология мәселелері оң шешімін таппақ. Осы тұрғыда экономиканы одан әрі өркендетуге жоғарғы оқу орындары да ат салысады. Яғни оқу ордаларына жаңа экономикалық кадрларды дайындау міндеті жүктелді. 

Ибрагим Туғанбаев, С.Сейфуллин атындағы ҚазАУ-нің профессоры, техника ғылымдарының кандидаты:

Президентіміз «білім берудің сапасын күшейту, энергетикалық қуаттылығын арттырып, ауыл шаруашылығын дамыту  бағдарламасымен жалғасады» деп атап өтті. Бұл жерде индустрияландыру бағдарламасына сай біздің жоғарғы оқу орны айқындалған ғылымның экономика саласында және заман талабына сай мамандар дайындалады.