$485.11 €523.82 ₽5.02
×

Еуроодақ ұзақ талқылаулардан кейін 2015 жылға арналған бюджетті бекітпеді

AstanaTV
19.11.2014ж. 10:00
1030
Еуроодақ ұзақ талқылаулардан кейін 2015 жылға арналған бюджетті бекітпеді

«Еуроодаққа мүше мемлекеттер мен Еуропарламент 7 сағаттық келіссөздер қорытындысы бойынша одақтың 2015 жылғы бюджетін ақыры бекіте алмай тарасты», - деп жазады Deutsche Welle. Ал келісім бүгін түнгі 12-ге дейін жасалуы тиіс. Бір сөзге келуге бюджеттің көлемі кедергі болып отыр. Еуроодақ мүшелері 140 миллиард еуро бюджетті бекітуге әзіртін, алайда Еуропарламент қаражатты қосымша 6 миллиард 400 миллион еуроға толықтыруды ұсынды.

Жаңа жылдың бюджет жоспарын Еурокомиссия желтоқсанның ортасында таныстырады. Егер де тараптар желтоқсанның соңына бір шешімге келмесе, Еуроодақ алдағы жылды төтенше бюджетпен қарсы алуы бек мүмкін. Бұл өз кезегінде ай сайынғы шығын 2014 жыл бюджетінің он екіден бір бөлігін құрайды деген сөз.

Азамат АЛДОҢҒАРОВ