$485.11 €523.82 ₽5.02
×

Қарағандыда жолаушы тасымалдау автобусы өртенді

AstanaTV
24.11.2014ж. 20:00
1163
Қарағандыда жолаушы тасымалдау автобусы өртенді

Отқа оранған он үшінші рейс... Қарағандыда тапа тал түсте жолаушы тасымалдайтын шағын автобус жол бойында жанып кетті. Абырой болғанда, ешкім жапа шеккен жоқ. Өрт сөндірушілер көліктің жанармай сақтайтын багы атылмай тұрып, оқиға орнына келіп үлгерді.

Қаланың орталық көшесіндегі қызыл жалынға оранған автобусты көрген жұрт аңтарылып қалды. Куәгерлердің айтуынша, 13-бағыттағы көлікте 13 жолаушы болыпты. Ол кенеттен сынған. Жүргізуші жолаушыларды түсіріп, жөндеу базасына баруға бекінген. Алайда, елу метр жүрмей жатып, автобус өртене бастайды. Өрттің нақты себебі техникалық сараптамадан кейін анықталмақ. 

Иван Сатаев, кондуктор:

Ештеңе түсінбей қалдық. Сынып қалған соң жолаушыларды түсіріп, жөндеу базасына бармақ болдық. Кенет өрт лаулап кетті.

Айжан ҚУАШ