$502.83 €545.37 ₽5.95
×

Былтыр отандық мұнайдың экспорттық бағасы 38,7 АҚШ валютасын құрады

AstanaTV
20.01.2016ж. 20:00
2259
Былтыр отандық мұнайдың экспорттық бағасы 38,7 АҚШ валютасын құрады

Былтыр отандық мұнайдың экспорттық құны орта есеппен 38,7 АҚШ валютасын құрады. «Астана» арнасы жолдаған сауалға «Қазмұнайгаз» барлау өндіру» АҚ-ның экономика және қаржы жөніндегі бас директорының орынбасары Дастан Абдулғафаров осылай деп жауап қатты.

Компания былтыр тоғыз айдың ішінде 9 млн 245 мың тонна мұнай өндірген. Оның 9 млн 92 мың тоннасы сатылды. Экспортқа 4 млн 588 мың, яғни 50 пайызы шығарылды. Ішкі нарыққа 3 млн 518 мың тоннасы, яғни 39 пайызы сатылды. Ресейге айырбасқа 986 мың тонна жөнелтілген. Ол 11 пайыз. «Қазмұнайгаз» қазынаға 1,2 млрд АҚШ валютасы көлемінде салық төлепті.

Бір айта кетері, компанияға қарасты «ӨзенМұнайГазға» былтыр льгота берілмей қалды. Пайдалы қазбаны өндіру салығы жеңілдетілсе, компания 34 млрд теңге үнемдеуі тиіс еді. Табысы төмен кен орындарына қатысты Үкімет белгілеген жеңілдік бойынша пайдалы қазбаларды өндіру салығы 0,65 пайызды құрауы керек. Қазір ол 13 пайыз болып тұр.

«ӨзенМұнайГаз» - Жаңаөзендегі жүйеқұраушы компания. 14 мың адамды жұмыспен қамтып отыр. Кәсіпорынның рентабельдігін сақтап қалуға салықтық жеңілдік септігін тигізеді деп күтілген. Дастан Абдулғафаров Өзен мен Қарамандыбас льготадан неліктен қағылғаны туралы әзірге түсінік берілмегенін айтты. 

Мөлдір БАҚЫТҚЫЗЫ