$485.11 €523.82 ₽5.02
×

Өскемендік студенттер нанотехнология саласындағы жаңашыл жобаларын назарға ұсынды

AstanaTV
26.11.2014ж. 13:00
1474
Өскемендік студенттер нанотехнология саласындағы жаңашыл жобаларын назарға ұсынды

Астана мен Өскеменнің сәулет құрылыстары мен болашақ ғимараттары - келешек сәулетшілер көзімен. Шығыс Қазақстанның студенттері Тұңғыш Президент күніне орай инновациялық жобаларын көпшілік назарына ұсынды. «Инновациялар 2014» байқауының жеңімпаздарына президенттік шәкіртақы сертификаты табысталды. Сайысқа барлығы 20-дан астам білімгер қатысқан.

Техникалық университеттің сәулет-құрылыс факультеті студенттерінің ойынша, Президент сарайы осындай көрініс табуы тиіс. Жобаның үлгісі бірнеше апта ішінде жасалған. Аталмыш жұмыстар аз уақытта дайындалғанына қарамастан, тәжірибелі сәулетшілердің өзін таңдай қақтырды. Әсіресе ғалымдардың назарына бірден Сергей Рутаев түсті. Ол өсімдікті өсіретін химиялық заттек ойлап тапқан. Оның көмегімен  генді модифицирленген организмдерсіз кез келген астықтың көлемін арттыруға болады.

Ал екінші орынды иеленген Алина Кимнің жобасын жол жөндеушілер қазірден бастап қолға алуға ниетті. Жеңіл мобильді робот сынды құрылым жол бойындағы қар мен қоқысты тазалауда таптырмас құрылғы болмақ.

Алина Ким, «Инновациялар 2014» байқауының жүлдегері:

Менің идеям аспалы құрылғының модернизациясына негізделген. Яғни құрылғының көмегімен қала іші мен көлік жолы бойындағы қоқысты, қарды тазартуға болады.

Барлық жеңімпаздар естелік сыйлықтарымен марапатталды. Ал үздіктері президенттік стипендияны иеленді. Ең бастысы - студенттер ұсынған жобаларды  тұрмыс шаруашылығында қолдануға қолайлы.

Тоғжан ЖАЛҒАСБЕКҚЫЗЫ