$485.11 €523.82 ₽5.02
×

ҚР Еңбек сіңірген өнер қайраткері, профессор, театр сыншысы Әшірбек Төребайұлы Сығай дүниеден озды

AstanaTV
28.11.2014ж. 13:00
3564
ҚР Еңбек сіңірген өнер қайраткері, профессор, театр сыншысы Әшірбек Төребайұлы Сығай дүниеден озды

Қазақ өнерінің тағы бір тарланбозы дүниеден өтті. Мемлекеттік сыйлықтың иегері, профессор, театртанушы Әшірбек Сығай бүгін түнде 68 жасқа қараған шағында өмірмен қоштасты. Театр сыншысы Оңтүстік Қазақстан облысы Кентау қаласында дүние есігін ашқан. Қазақ Ұлттық консерваториясын бітірген соң, театр саласында еңбек етті. Кеңес Үкіметі кезінде Мәдениет министрінің орынбасары қызметіне дейін көтерілген. Ал Қазақстан тәуелсіздік алған шақта ол осы министрліктің бірінші орынбасары ретінде 4 жыл қызмет атқарды. Одан кейінгі жылдары шығармашылықпен айналысты.

Он бестен астам кітаптың авторы. Қазақ театр өнеріндегі ең беделді сыншының пікіріне драматургия саласындағылар құлақ асатынын айтады сахна тарландары. «Жазса - шебер, сөйлесе - шешендігімен ел есінде қалған, Әшірбек Төребайұлы соңғы жылдары жүректің созылмалы дертімен науқастанып жүрген еді», - дейді оның үзеңгілестері.

Есмұхан Обаев, ҚР Мемлекеттік сыйлықтың иегері, профессор:

Ол келе жатқанда, бір нар келе жатқандай көрінетін. Өзі маң-маң басып, әрбір сөзіне мән беретін, әрбір сөзін сараптай білетін жазушы болатын. Аз жасады.


Ришат АСҚАРБЕКҰЛЫ