$519.51 €611.83 ₽6.6
×

Ақтауда Еуразиялық банк клиентінің 2 млн теңгесі тоналды

AstanaTV
03.12.2014ж. 10:00
1172
Ақтауда Еуразиялық банк клиентінің 2 млн теңгесі тоналды

Ақтауда Еуразиялық банк тұтынушысы тоналды. Оқиғаға куә болған адамның айтуынша, 60 жастағы ер адамға белгісіз біреу шабуыл жасап, ақшаға толы сөмкесін алып қаша жөнеліпті. Алдын ала болжам бойынша, банк тұтынушысы банкоматтан бірнеше миллион көлеміндегі қаражатын шешіп алса керек.

Я видел, что лежит человек, сломал ногу, скорую ждали, вот и все. А потом уже объяснили, что у него забрали сумку. Миллиона 2 где-то.

Ер адам алаяқты қумақ болған. Алайда, құлап, қол-аяғын сындырған. Оны дереу облыстық ауруханаға жеткізді.

Есет Шахатбаев, Маңғыстау облыстық ауруханасының дәрігері:

Өзінің айтуы бойынша, банктен шыға бергенде белгісіз біреу қолындағы сөмкесін жұлып әкетті. Артынан қумақ болып, аяғы тайып кеткен. Бірнеше жерден дене жарақатын алды. Қазіргі жағдайы мәз емес.

Оқиға бейне бақылау камерасына түсіп қалған. Ізінше полицейлер алаяқты ұстады деген ақпарат пайда болды. Облыстық ішкі істер департаментінің дерегінше, сөмке толы ақшасы бар азаматқа шабуыл жасаған 1974 жылғы Ақтау қаласының тұрғыны. Күдікті бұған дейін де істі болған екен. Қазір ол қамауға алынды. Оқиға бойынша тергеу амалдары жалғасуда.

Ләйлә ҚАЗИЯҚПАРОВА