$485.11 €523.82 ₽5.02
×

Қарағандыдағы ауруханаға тілек шыршасы орнатылды

AstanaTV
04.12.2014ж. 13:00
1265
Қарағандыдағы ауруханаға тілек шыршасы орнатылды

«Балаларға қуаныш сыйла». Қарағандыда осындай атаумен жаңа жылдық акция басталды. Тілек шыршасына әр баланың тілегі жазылған суреттері ілінген. Ал, олардың сұраған затын тұрғындар сатып алып беріп жатыр.

Ерекше акция балалар үйі тәрбиеленушілеріне арналған. Игілікті істі Теміртаудағы ірі сауда орталығы мен Қарағандыдағы емханалардың бірі қолға алды. Тілек шыршасы емхананың кіре берісіне қойылған. Оның бұтақтарына 4 жүзден астам баланың суреті ілініп, оларға бүлдіршіндер тілектерін өз қолдарымен жазған. Акция туралы әлеуметтік желілерден оқып білген азаматтар мен емделушілер бүлдіршіндердің қалауын орындауға белсене ат салысуда. Ойыншықтар мен киім-кешек, оқуға қажетті құрал-жабдықтарды әкелушілер көп. Сыйлықтар желтоқсанның аяғына дейін қабылданады. Сонан соң Надежда Крупская атындағы балалар үйінің тәрбиеленушілеріне табысталмақ.

Айбике Ыбыраева, Қарағанды қаласының тұрғыны:

Балалар ауырады. Ата-аналары жоқ. Оларға артығымызды береміз ғой. Олар өз тілектерін жазып қойған. Менің балаларым сияқты олар да өз қалаған сыйлықтарын алуы керек.

Айжан ҚУАШ