Қатты
боран салдарынан Алматы, Қарағанды және Павлодар облыстарында жолдар жабылды.
Бұл жөнінде ІІМ-нің ТЖ комитетінен хабарлайды деп жазады «Қазақпарат». « 4
желтоқсанда Алматы облысында бұрқасын
мен жолдың нашар көрінуіне байланысты
Үшарал-Достық көлік жолының бірқатар учаскесінде көліктің барлық түрлері
үшін қозғалыс жабылды. Ал сағат 19.30-дан бастап Алматы-Өскемен күре жолында
жүк көліктері үшін қозғалыс шектелді», - делінген хабарламада.
Қарағанды
облысында да дәл осы себеппен көліктің барлық түрлері үшін бүкіл бағыттарға жол жабық. Ал Павлодар
облысында Павлодар-Қызылорда тас
жолының Қалқаман-Баянауыл бағыты
бойынша, Шідерті-Астана күре жолының учаскесінде көліктің барлық түрлері үшін
қозғалыс тоқтады. Бұған дейін Астана-Ерейментау, Астана-Қарағанды бағыттарында
жол қозғалысының жабылғаны туралы хабарланған.
Ақтүтек боран астаналықтарды да
әбігеге салды. Мұнда ауа температурасының төмендеуіне байланысты бастауыш сынып
оқушылары үшін сабақ тоқтатылды. Жалпы 4-6 желтоқсан күндері Қазақстанның
көптеген облыстарында қар жауып, бұрқасын болады. Желдің жылдамдығы секундына
15-23 метрге жетеді, деген болжам айтылуда.