Спорт Қазақстан
$443.85 €474.3 ₽4.8
×

Президент халықты сайлауға белсене қатысуға шақырды

AstanaTV
21.01.2016ж. 20:00
1531
Президент халықты сайлауға белсене қатысуға шақырды

«Сайлауға түсуге ниетті саяси партиялар күн тәртібіндегі міндеттерді түсіне білетін, сауатты, іскер және ел мүддесіне адал кандидаттарды ұсынуы тиіс». Президент Нұрсұлтан Назарбаев  осындай талап қойды. Бұған дейін мемлекет басшысы Парламент мәжілісінің 5-ші шақырылым депутаттарының мерзімінен бұрын тарату туралы үндеуін мақұлдап, сайлауды наурыздың 20-сына белгіледі.

Мәжіліс пен мәслихат депутаттарын сайлау бір күнде өтеді. Ал Қазақстан халқы Ассамблеясы сайлайтын мәжіліс депутаттарын сайлау 21 наурызға тағайындалды. Президент барша қазақстандықтарды, қоғамның барлық әлеуметтік топтарын уақыт талабы тудырған шешімді қолдауға шақырды.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

Призываю всех активно принять участие в выборах и снова показать нашу сплоченность и единство ради будущего нашей страны. Как гарант Конституции я поручаю Центральной избирательной комиссии и всем уполномоченным государственным органам обеспечить законность, прозрачность и справедливость предстоящих выборов.  Қымбатты отандастарым, баршамыздың бір ғана мақсатымыз бар,  ол мақсат - халық пен елдің игілігі. Мен барша қазақстандықтарды, барша саяси партияларды біздің ортақ шаңырағымызға жауапты қарауға және отаншылдығымызды нығайта түсуге шақырамын.

Президент жаһандық үдеріске  бірде-бір ел ықпал ете алмайтынына ерекше тоқталды. Сондықтан жаңа кезеңде шикізат бағасы төмендеген жағдайында өмір сүруге бейімделіп, индустрияландыруды, шағын және орта бизнесті дамытуды жалғастыру керектігін атап өтті. Үкімет пен Парламентке бірлесіп, жинақы жұмыс істеп, жедел шешім қабылдау қажеттігін ескертіп, осы күрделі уақытта кез келген ықтимал арандатуларға заңнамалық тұрғыдан тойтарыс беру керектігін де қадап айтты.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

Сейчас проверяется патриотизм каждого гражданина страны. При этом у нас нет времени безропотно уповать на судьбу. Надеяться, когда все вернется на круги своя, что поднимутся цены на нефть и так далее. Сегодня нам важно непрерывно давать системные, предупреждающие ответы на любые глобальные вызовы и принимать соответствующие меры. Нам нужно продолжать курс и стратегию Казахстан-2050 и не сбиваться. Осуществлять дальше антикризисную программу, выполнить План нации, состоящий из 5 пунктов, активно осуществлять программу «Нурлы Жол», предоставляя работу тысячам и тысячам наших граждан.

Ләйлә ҚАЗИАҚПАРОВА