Атырау облысының экс-әкімі Бергей
Рысқалиевтың сыбайластарына шыққан үкіммен мемлекеттік айыптаушылар келіспейді.
Олар мамандандырылған ауданаралық қылмыстық
істер жөніндегі соттың үкіміне апелляциялық наразылық білдіріп үлгерді. Бұл
туралы біздің арнаға облыстық прокуратураның ресми өкілі Мерген Меңдіғалиев
мәлімдеді.
Прокурорлар аталған істің кейбір
фигуранттарына жазаны күшейту керек деп санайды, ал кейбір үкімді заңсыз деп таныған.
Мысалы, 3 жылға жаза кесілген Атырау қаласының
бұрынғы әкімі Керімовке қатаң режимдегі колонияға 12 жылға жабу үкімін сұрап
отыр. Ал толықтай ақталған «Ақтөбехаусконстракшн» ЖШС бас есепшісі Гүлмира
Әзбергеноваға мүлкін тәркілеп, жалпы режимдегі колонияда 8 жылға бас
бостандығынан айыру жазасын тағайындау керек деп, есептейді. Сондай-ақ, бірнеше адамның бас
бостандығынан айыру жазасын көбейтуді сұрап отыр. Ал адвокаттар әзірге қандай да бір құжат алмағанын айтып
отыр. Дегенмен, бұл қалыпты әрекет, - дейді.
Айта кетейік, мұнайлы аймақтың бұрынғы
әкімінің ұйымдасқан қылмыстық қауымдастығына қатысты іс бойынша үкім 14
қарашада оқылды. 22 адамның он бесіне 2 жыл 6
айдан бастап 15 жылға дейінгі мерзімде бас бостандығынан айыру жазасы кесілген
еді.
Базаркүл ІЗІМОВА