Бүгін АҚШ валютасының бағамы
тағы көтерілді. KASE қор биржасының күндізгі саудасында көк қағаздың орташа
құны 384,48 теңгеге жетті. Сөйтіп, ақша айырбастау бекеттерінде бір доллар 390
теңгеден саудаланды.
Ресей валютасының жағдайы да мәз емес. Бір АҚШ ақшасы 85
рубльге жетті. Мұнай бағасы 28 АҚШ валютасы шамасында. Бүгін API АҚШ мұнай
қорының көлемін жарияламақ. Сарапшылар, егер күрт өсім байқалса, қара алтын
құны тағы да құлдырайды деген болжам жасап отыр.