$498.51 €522.84 ₽4.81
×

Президент елшілерден сенім грамоталарын қабылдады

AstanaTV
10.12.2014ж. 13:00
1276
Президент елшілерден сенім грамоталарын қабылдады

Президент Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті елші болып тағайындалған бірқатар шетелдік дипломаттың сенім грамоталарын қабылдады.

Сенім грамоталарын Италияның, Швецияның, Литва, Мысыр, Үндістан, Македония және Қытай елшісі табыстады, - деп хабарлады «Қазақпарат». Өз кезегінде Қазақстан Президенті елшілерді дипломатиялық миссияларының ресми басталуымен құттықтады.

Сондай-ақ, бүгінгі кездесу еліміз үшін аса маңызды күн Тәуелсіздігіміздің 23 жылдығы қарсаңында өтіп жатқанын атап өтті. «Біз осы қысқа мерзімде мемлекетіміздің берік негізін қаладық. Заманауи экономика, орнықты саяси жүйе, салиқалы азаматтық қоғам орнаттық. Біз ішкі тұрақтылықты, қоғамдық келісімді қарқынды экономикалық өсім арқылы қамтамасыз еттік», - деді Президент.

Нұрсұлтан Назарбаев
, Қазақстан Республикасының Президенті:

Құрметті дипломат мырзалар. Сіздер әлемдік құрылым терең өзгеріске түсіп жатқан кезде қызметке кірісіп отырсыздар. Бүгінде жа
һандық жаңа тәртіп, жаңа архитектура қалыптасу үстінде. Жергілікті және өңірлік қақтығыстар, халықаралық терроризм мен экстремизм етек алуда. Оның алдын алу үшін күрес бүкіл мемлекеттердің күшін біріктіру қажет.

Азамат АЛДОҢҒАРОВ